Бүгін,яғни 21қараша күні,Қазақ мектеп-гимназиясында «Елдің асыл тірегі-Ата заң» деген 5-11 сыныптарды қамтыған дәріс оқылды. Бұл дәрісте балаларға елдің тәуелсіздігін,демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат - Конституция туралы әңгімеленді.Қазақстанның Конституциясы әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның бірі болып саналатыны жайлы сөз қозғалды.Әр Қазақстан азаматының міндеті - Конституцияға аса ұқыптылықпен қарау.Өзіміздің елімізді,өзіміздің тарихымызды,өзіміздің жетістіктерімізді қалай құрметтесек,Ата заңымызды да солай аялауымыз керек.