Зерде» 1-7 сынып оқушылары арасындағы зерттеу жұмыстары және шығармашылық жобалар сайысының аудандық кезеңіне қатысқан оқушылардың нәтижесі
«Зерде» 1-7 сынып оқушылары арасындағы зерттеу жұмыстары және шығармашылық жобалар сайысының аудандық кезеңіне қатысқан оқушылардың нәтижесі
Информатика секциясы: 2 сынып оқушылары – Оралбаев Аңсар, Сакен Алихан «Оқушылардың пластикалық картасы» тақырыбында жоба қорғады. Мақсаты: Біздің мектептің оқушылары үшін пластикалық балалар картасын жасап беруге болатынын анықтау. ІІ орын. Жетекшілері: Садуова А.Ш, Кабдулмажитова Б.С.
Валеология секциясы: 2а сынып оқушысы – Сапарғалиева Аружан «Көз – адамның шырағы». Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының көздің көру қабілетінің төмендеуін зерттеу. І орын. Жетекшісі: Жанабекова Ж.Т. 3ә сынып оқушысы – Кенжеболатқызы Әмина «Ұлттық тағам - құрт» тақырыбында қорғады. Мақсаты: Қазақ халқының байырғы тағамы құрттың пайдасын анықтап, маңызын көрсету арқылы жарнамалау. ІІ орын. Жетекшісі: Байғазина Б.А
Медицина, психология секциясы: 3а сынып оқушылары – Қарбай Асылжан және Досан Амина.Тақырыбы: «Сағыздың пайдасы мен зияны». Мақсаты: Сағыз құрамы мен қасиеттерін және оның адам ағзасына тигізетін әсерін зерттеу. І орын. Жетекшісі: Жаманова С.Ж
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер