Қазақстан Республикасының 25-жылдығына арналған «Менің Қазақстаным- менің елім» тақырыбында әдеби көктейль.
Мақсаты: оқушылардың Отанына деген махаббаты мен сыйластығын, қазақ халқының салт- дәстүрлеріне тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту.
Барлық іс-шарада Қазақстан елінің тарихы, табиғаты, ғажайыптары туралы бейнефильмдер көрсетіліп тұрды. Әдеби коктейльде мұғалім жаңа технологияларды қолданды. Іс- шарада әр түрлі дидактикалық кезеңдер оқушыларды қызықтырды: Қазақстан туралы өлеңдер байқауы, «Мен Отанымды білемін» тақырыбында викторина болды. Оқушылар қазақ мақал- мәтелдерімен жұмыс жасады: қазақ тілінен орыс тіліне аудару, лексикалық мағынасын түсіндіру, екі тілде сәйкес мақал-мәтелдерді талдады. «Менің Қазақстаным- менің елім» тақырыбында сөзжұмбақ толтырып, бір-бірін толықтырып отырды. Сонымен қатар, Конституцияны білулерін тексеру мақсатында «Артығын алып таста» тапсырмасын орындады. «Сөйлемді толықтыр» тапсырмасы арқылы Қазақстан мемлекетін жан-жақты сипаттап шықты.
Оқушылар кез келген деңгейдегі тапсырмаларды қиналмастан орындап отырды. Әдеби коктейльдің соңында бейбітшілік құсы – көгершінге өз тілектерін жазып, мектеп кабинеттеріне таратты.
Бүгінгі жас ұрпақ – өз еліміздің патриоты, оны әр қадамында дәлелдей алды және Отанымызды сүйетінін өлең жолдарымен жеткізді.
Петропавл қаласы Қазақ мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Баймолдина С.З.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау