Бүгін, яғни, 21 қараша күні, 25 жұлдызды күн қарсаңында, қазақ мектеп – гимназиясының 11 «А» сыныбында ашық сынып сағаты өткізілді.Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік жолы». Осы сабақта Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жайлы сөз қозғалды. Оқушылар Қазақстан Республикасы туралы өздерінің ойларын, пікірлерін ашық жеткізді. 1991 – 2016 жылдар аралығңында Қазақстан Республикасы қандай жетістіктерге қол жеткізді деген сұрақ талқыланды.
Сонымен қатар, ҰБТ жайлы (ескі және жаңа формат), спорт жетістіктері,тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы, экономика, ұлттық валюта, Қазақстан Республикасының Қарулы күштері жайлы сөз қозғалды. Оқушылар сабақтың тақырыбын аша алды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау