«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «СҚО ПҚ БАИ» ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру және білім беру мазмұнын жаңартуаясында 2016 жылғы 16 қараша күні облысымыздың жалпы орта білім беретін ұйымдарының, арнайы кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінің (колледждердің) қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған дәстүрлі «Жүзден жүйрік» облыстық байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты: жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыруға жағдай жасау, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің пәнді оқытуда кәсіби шеберлігін жетілдіру және қолдау көрсету.
Байқаудың жұмыс бағыттары:
- білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі мен әдебиетін оқыту бойынша инновациялық тәжірибелерді тарату;
- «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық иедясы құндылықтарын тәжірибеге енгізу, мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін және жоғары біліктілігін анықтау;
- ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында білім беру сапасын жетілдіру факторы ретінде оқу-тәрбие үдерісіне заманауи технологияларды енгізу.
«Жүзден жүйрік» байқауының мазмұнын мемлекеттік құжаттарда көрсетілген «мемлекеттік тілді дамыту», «мемлекеттік тілді үйрету әдіснамасын жетілдіру»,«педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды күшейту» сияқты міндеттер айқындап берді.
Солтүстік Қазақстан облысы ПҚ БАИ-ның дәстүрлі «Жүзден жүйрік» облыстық байқауы биыл 15- рет өткізіліп отыр.
Байқау 2 кезеңнен тұрды.
Байқаудың 1-кезеңі 17.10-07.11. 2016ж. аралығында сырттай өтіп, оған облысымыздың 77 мұғалімі қатысты. Мұғалімдер «Мен осы мамандыққа лайықтымын...» тақырыбында эссе жазып, сауалнамалар толтырды. Әділ қазылар алқасы белгіленген критерийлер бойынша барлық жұмыстар іріктеліп, оның ішінен 42 жұмыс таңдап алынды.
Байқаудың 2- кезеңі 3 турдан тұрды:
Бірінші тур:
Екінші тур:
Үшінші тур:
Екінші кезеңде төрт секция жұмыс жасады. «Жас мамандар» секциясына қатысқан еңбек өтілі 1-7 жыл аралығындағы мұғалімдер креативтілік танытып, көпшілігі ақындық өнерлерін ортаға салды. Жас болса да білімді, жаңашыл жастар өзге ұстаздарға үлгі бола алды. Секция бойынша жүлделі орын алғандар;
I орын:
- Сабырова Гүлдария Сабыровна –Айыртау ауданы, Сырымбет орта мектебі;
II орын:
- Тагудретова Ботагөз Бейбітқызы - Жамбыл ауданы, Майбалық орта мектебі;
- Бакаева Мадина Мұратқызы – Петропавл қаласы, «әл-Фараби» мектеп –лицейі;
III орын:
- Садық Айнұр Жанбатырқызы – Жамбыл ауданы, И.П.Шухов атындағы Преснов орта мектебі;
- Тоғанбай Мөлдір Ерболқызы – Мамлют ауданы, С.Г.Гуденко атындағы Дубровное орта мектебі;
- Қазиева Айгерім Серікжанқызы – Аққайың ауданы, Смирнов №3 орта мектебі.
«Жаңалық жаршысы» секциясына білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы курсынан өткен мұғалімдер қатысты. Білім саласындағы жаңалықты өз тәжірибелерінде қалай жүзеге асырып жатқаны мен мектептегі, мұғалім тәжірибесіндегі өзгерістерді терең түсінетіндерін көрсете білді. «Жаңалық жаршысы» секциясының жеңімпаздар:
I орын:
– Көлбаева Тамара Дарханқызы, Мамлют аудан, №1 мамлют мектеп-гимназиясы.
II орын:
– Нұрғали Қарлығаш Назымбековна, Ақжар ауданы, №1 Ленинград орта мектебі;
- Амрина Ләйлә Бауыржанқызы, Мамлют ауданы, №2 Мамлют мектебі;
III орын:
- Даукенова Ләззат Ғалымовна, Шал ақын ауданы, Е.А.Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясы:
- Ташманова Алтын Нұрғалиқызы, Есіл ауданы, Корнеевка орта мектебі;
«Жаңа толқын кәсіби шеберлер» секциясына деңгейлік курстардан өткен мұғалімдер қатысты. Мұғалімдер байқауда өздерінің жақсы дайындығын, теориялық және практикалық білімдерін, кәсіби шеберліктерін жоғары деңгейде көрсете алды. Бұл секцияның жеңімпаздары:
I орын:
- Есенгалиева Айгуль Ерболовна – Петропавл қаласы, Қазақ мектеп-гимназиясы
II орын:
- Бекболатова Әсем Ибрахимқызы - Петропавл қаласы, №8 орта мектеп;
- Кадирова Лаззат Есеновна – Уәлиханов ауданы, Шағырсай негізгі мектебі;
III орын:
- Оспанова Ғалия Серікқызы – Аққайың ауданы, Смирнов №3 орта мектебі;
- Мұхамеджанова Бикеш Сайлауовна - Шал ақын ауданы, Қазақ орта мектебі;
- Искожина Асия Акылжановна - Петропавл қаласы, № 4 орта мектебі.
«Кәсіби мектеп шеберлері» секциясына арнайы кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінің (колледждердің) қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты. Мұғалімдер көңіл қуанарлық нәтиже көрсетті. Жеңімпаздар:
I орын:
- Рсаева Әлия Бейбітқызы – Петропавл қаласы, М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық –педагогикалық колледж;
II орын:
- Бектұрғанова Әсемгүл Арғынқызы - Петропавл қаласы, СҚО ДСБ СҚО әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан медицина колледжі» ШЖҚ КМК;
- Мусина Жазира Серікқызы – Петропавл қаласы, Петропавл темір жол көлігі колледжі ;
III орын:
- Илюбаева Бақытгүл Баяхметқызы – Петропавл қаласы, Петропавл темір жол көлігі колледжі;
- Жамулдинова Раушан Сералықызы - Петропавл қаласы, Петропавл темір жол көлігі колледжі;
Сондай –ақ «Тіл шебері», «Тіл жанашыры», «Жаңашыл мұғалім», «Креативті мұғалім» номинациялары берілді.
Құрметті әріптестер, егеменді еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы құтты болсын! Білімді де, ақылды, жан-жақты ұрпақты тәрбиелеуде еңбектеріңіз жемісті де жеңісті болсын демекпіз!
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы СҚО бойынша ПҚ БАИ «Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану
(гуманитарлық) пәндерді оқыту әді стеме
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау