Білім беру саласында қол жеткізілген бүкіләлемдік білімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігі болып отыр. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.
Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов "Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы" деп атап өткендей оқушының алған білімін қолдана білу дағдысын дамытатын негізгі тұлға мұғалім. Сондықтан мұғалімнің кәсіби біліктілігіне баса назар аударылып отыр. Кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды, мұғалімдер оны өз қолымен жасайды. Әріптесіне ықпал ету үшін, сондай-ақ оқыту мен оқудың дамуына қолдау көрсету үшін құзыреттілігі жоғары мұғалімдер коучинг пен тәлімгерлікке жүгініп басқа мұғалімдердің идеяларын жүзеге асыруға қолдау көрсетеді.
Қазіргі күні №1 Новоишим орта мектебінде Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курыстарының бірінші (ілгері)деңгей бағдарламасын тәмәмдаған 4 мұғалім қызмет етіп жатыр. Сонымен қатар ұжымның басым көпшілігі екінші, үшінші деңгей бағдарламасын игерген. Ұстаздарымыз ХХІ ғасыр талап етіп отырған дағдыларды оқушы бойына тиімді қалыптастыра алу үшін, өз шеберліктерін «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?»және де «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» қатарлы маңызды мәселелерді шешуге арнайды. Мектепте көшбасшы мұғалімдердің жетекшілігімен бір-бірімізге әдістемелік көмек көрсету аясында коучинг, мастер-класс, тәлімгерлік жұмыстары алға қойылған.
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мен-Хизат Ақмарал қазіргі күні «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша біліктілігімді жоғарлату курсын оқып жатырмын. Қазіргі күні мектептегі тәжірибемді жүргізудемін. Алдағы уақытта мектебіміздің педагогикалық қоғамдастығының жұмысын дамыту аясында өз идеяларым бойынша мектеп директоры Нұрмағанбетова Айгүл Көлбайқызымен сұхбаттастым. Жаңашылдыққа жаны құмар, білім ордамыздың мәртебесін көтеріп, оқушылардың білім сапасының жоғарлауы мен шығармашыл жұмыс істеуіне жағдай жасауда, ұстаздарымыздың біліктілігін көтеруде, олардың құзыреттілігінің жоғарлауы аясында қолдау көрсетіп, тынбай еңбектеніп келеді. Алдағы уақытта мектебімізге өзгерістер енгізуге талпынған көшбасшы мұғалімдерге әрқашан демеу болып, рухтандыруға дайын тұрады. Бірлігі мен шығармашылығы бір арнадан тоғысқан мектеп ұжымының бәсекеге қабілетті тұлғаларды қанаттандыруға, білімді ұрпақ тәрбиелеп еліміздің өркендеуі қақында қызмет етуде құлшыныс танытады.
Мектепте өткізілген әрбір іс-шара жоғары деңгейде өткізіліп, білім алушыларды ынталандырады. Атап айтатын болсақ, мектебімізде 19 қазаннан 27 қазан аралығында қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік берлестігінің пән онкүндігі өткізілді. Жоспарланған іс-шаралар өз деңгейінде өткізіліп, оқушылардың алға білімдерін сыныптан тыс шаралар кезінде де көрсете алатындығының айғағы болды. Мен өз тарапымнан тәлімгерлік етіп жүрген ұстаз –Байсалбаева Айнагүл Қабдулахитқызымен «Тіл-халық жанын танудың кілті» атты сайыста оқушылар өз өнерлерін. Ыбрай Алтынсарин аталарының өлеңдерін мәнерлеп оқуда көрсетіп қана қоймай, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерімен ұйымдастырылған білгірлік сайыстарында көрсете алды. «Әке мен бала» әңгімесі желісінмен түсірілген бейнежазбаны тыңдай отырып, қалай түсінгендерін түйінді 5 сөйлем аясында көрсетті. Мақал-мәтелдер сайысында да өз білімдерін аяп қалмады. Нәтижесінде жеңіміпаздар анықталып, мақтау грамоталарымен марапатталды.
«Қазақша сөйлейік!»тақырыбында өткізілген сайыс сабақта 3-сынып оқушылары өз білімдерін сынаса, «Қазақстан-достық мекені» шығармалар байқауында 5-11 сынып оқушылар өз бақтарын сынады. «Ас-адамның арқауы» тақырыбында өткізілген Дүйсенбина Жанат Қорғанбекқызының ашық сабағы оқытудың жаңа технологияларын шеберлікпен қолдануымен ерекшеленді. Әлібаева Дина Әбілқызының «Отаны бірдің-тілегі бір» тақырыбында 4- сыныптарда өткізген тәрбие сағаты, оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін арттырып, еліміздік өскелең патриоттарының рухын көтеруімен ерекшеленді.
Алдағы уақытта қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің педагогикалық қоғамдастығы мектептегі үздік тәжірибелерімен алмасып, ұстаздарымыздың бір-біріне әдістемелік қолдау көрсете жұмыс істейтініне кәміл сенемін. Әдістеме бірлестігін басқарып отырған жоғары санатты, деңгейлік кур бағдарламасының ІІ деңгейін игерген білікті ұстаз Испаева Айна Еркебайқызының көшбасшылығымен алға жылжи бермекпіз. Мен өз тарапымнан «Мұғалім көшбасшылығы» курсының бағдарламасын жүзеге асыруда алдағы уақытта жоспарлы жұмыс атқаратын боламын.
Хизат Ақмарал
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау