Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Все новости

Қауіпсіз интернет

1О – 21 сәуір  аралығында  «Қауіпсіз интернет» ақпараттық іс -шаралар өткізілді. Мақсаты  –  кәмелетке толмағандардың, педагогтер мен ата – аналардың назарына агресивті Интернет мазмұнының әсері проблемасын түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет-қызметтерді ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату.

Науқан жалпы мектепішілік жиыннан басталды. Оқушылар ақпараттық науқанның жоспарымен танысты. Осыған байланысты төмендегі іс-шаралар атқарылды.

11-21 сәуір аралығында «Қауіпсіз интернет әлеміне саяхат», «Интернет және біз», «Пайдалы және қауіпсіз интернет» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

5-10 сынып оқушылары арасында «Қауіпсіз интернет» тақырыбында плакат конкурсы және «Интернет-менің өмірімде» тақырыбында шығармалар конкурсы ұйымдастырылды.

 Оқушылар интернет туралы білетін мәліметтерін ортаға салып, өз ойларымен бөлісті.  

"Реальный мир лучше виртуального" флешмоб ұйымдастырылған.

Жыл бойы оқушылардың интернет желісінде ақпараттар іздеу барысында қандай сайттармен жұмыс жасайтындары қадағаланды.

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь